Аябіл Күнбазаров

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Аябіл Күнбазаров (1939 жылы туған, Қызылорда облысы Арал ауданы Тұрсынбике ауылы — 10 шілде 2008, Қызылорда) – техника ғылымдарының докторы (1992). КСРО өнертапқышы.

Қазан технология институтын (1963) бітірген. Ташкент қаласындағы Орта Азия геология және минералды шикізат ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі (1972–96), Науаи тау-кен институтында ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор (1996–98) болды. 1998 жылдан Қызылорда мемлекеттік университетінде профессор қызметінде.

Ғылыми еңбектері - мұнаймен ластанған және тұзданған жерлерді биотехнолиялық жолмен қалпына келтіруге, техногендік қалдықтарды қайта өңдеп биогумус, биогаз, т.б. алудың өндірістік негіздерін жүзеге асыруға арналған. 100-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы, 20 патенті бар.<ref>Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер