Қатутау жотасы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тау Қатутау жотасыЖетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстік сілеміндегі жота.

Географиялық орны

Жетісу облысы Кербұлақ және Панфилов аудандары жерінде орналасқан. Солтүстігінде Қоғалы тауаралық аңғарына, оңтүстігінде Достар және Ақтау таулары арқылы Іле аңғарына ұласады.

Абсолюттік биіктігі 1630 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 45 км-ге созылып жатыр, енді жері 10-20 км.

Геологиялық құрылымы, жер бедері мен өсімдігі

Қатутау жотасы жоғарғы палеозой және мезо-кайнозойдың құмтас, конгломерат, мергель, әктас шөгінділерінен түзілген. Делювийлі-пролювийлі тауаралық жазығының бозғылт қоңыр топырағында бұта аралас тасбұйырғын, бұйырғын, жусан, ши, т.б. өсімдіктер өседі.

Таудың тектоникалық көтерілуге ұшыраған орта бөлігінде бұлақтар көп.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Галерея

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер