Қандарақ жотасы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:24, 2022 ж. қазанның 13 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тау

ҚандарақЖетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік сілеміндегі таулы жота.

Географиялық орны

Жетісу облысы Алакөл және Сарқан аудандары жерінде. Абсолюттік биіктігі 4047 м. Жота оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 30 – 35 км-ге созылып жатыр, ені 12 км шамасында.

Геологиялық құрылымы

Жота тас көмір және девон тау жыныстарынан түзілген.

Жер бедері

Шығыс, солтүстік-шығыс беткейінен Тентек, оңтүстік-батысынан Лепсі, Ағынықатты өзендері басталады. Тау бастарында көп жылдық қар мен мұздықтар жатады. Жотада Қаракезең, Ащыкезең, Пограничный атты асулар бар. Батысындағы Ағынықатты өзенiнде мореналық Жасылкөл көлі жатыр.

Өсімдігі

Жартасты құз шатқалдарында шырша орманы, одан жоғары субальпілік, альпілік шалғын өседі. Солтүстік аңғары альпілік жайлау.<ref>Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер