Жалаңашкөл (көл, Қызылорда облысы)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:01, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көл Үлгі:Мағына Жалағашкөл, ЖалаңашкөлСырдария алабындағы көл.

Географиялық орны

Қызылорда облысының Арал ауданы жерінде орналасқан. Тұран жазығының солтүстік шетінде, Сырдария сағалық арнасының оң жағында, теңіз деңгейінен 58,3 м биіктікте орналасқан.

Гидрографикасы

Аумағы 13 км2, ұзындығы 5,3 км, ені 4,3 км. Кезінде Сырдарияның жайылмасымен толысатын, көршілес ірі Қамыстыбас көлімен ұласып жататын. Батыс және оңтүстік жағалауы жайпақ, батпақты, шығысы көтеріңкі. Арал теңізінің тым шегініп кетуінен Жалағашкөлдің шарасы жазда мүлдем кеуіп қалатын болды. Көктемгі қар ерігенде ғана аздап су жиналады. Алабы көктемгі шабындық.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер