Жақсықылыш (кент)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:54, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан

Жақсықылыш Қызылорда облысы Арал ауданындағы кент, кенттік әкімшілік округі орталығы.

Географиялық орны

Аудан орталығы - Арал қаласынан шығысқа қарай 25 км жерде, Жақсықылыш көлінің оңтүстік жағалауындағы қаражусан аралас көкпек, дегелең өскен құмайтты сор топырақты шөлдік белдемде орналасқан.

Халқы

Тұрғыны:

  • 4,5 мың адам (1999);
  • 9,0 мың адам (2009).

Өндірісі, инфрақұрылымы

Жақсықылышта Аралтұз акционерлік қоғамы, өндірістік кооператив, 5 серіктестік және 9 шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Кентте орта және бастауыш мектеп, кітапхана, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория мен фельдшілік-акушерлік пункт бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобильді және темір жолмен қатынасады.

Үлгі:Арал ауданы елді мекендері