Қызылсай (қыстау)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:36, 2021 ж. қарашаның 25 кезіндегі Мағыпар (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

ҚызылсайСағыз және Топырақшашты өзендерінің аралығындағы қыстау.

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Былқылдақты ауылының оңтүстігінде 5 км жерде орналасқан. Солтүстігінде Ақсуат, солтүстік-батысында Жаңақора, Қияқты, шығысында Қоңырсай, оңтүстігінде Көлдіқұдық, Ақжар, Көпбұлақ, оңтүстік-батысында Көндігу, Кемірші қыстаулары жатыр. Қызылсай бойындағы Топырақшашты бөгенінен мал суарылады. Құмды, сортаң топырақ жамылғысында жусан, еркек шөп, шағыр, бұйырғын, жүзгін, теріскен, т.б. өсімдіктер өседі.<ref>ҚАЗАҚСТАН ТАБИҒАТЫ: «Қазақ энциклопедиясы» Алматы, 2011. 3-том ISBN 9965-893-64-0</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер