Дара
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Дара – Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол ауылының батысында 15 км жердегі қыстау.
Жайық өзенінің аңғарында. Бағырлай каналының батысында орналасқан.
Маңайы тегіс жазықты, солтүстігінде Сәлімшошақ, Құсайын, батысында Ақшкол, Жаңағали жайлауы, оңтүстік-батысында Бестөбе, т.б. қыстаулар бар. Аллювийлі жазықтағы сортаңды қоңыр топырағында бұйырғын, тасбұйырғын, қара жусан, сұр жусан шөптесіндері өседі.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>