Жаға (қыстау)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жаға – Атырау облысы Қызылқоға ауданында орналасқан қыстау. Ойыл өзенінің сол жағалауында, Миялы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 2 км жерде. Оңтүстік-батысында Тайсойған құмымен шектесіп жатыр. Қыстаудан оңтүстік-батыс бағытта Жарыпшыққан өзені ағып өтеді. Маңайында Қолқақұдық, Балабейіт, Құрманғазы, Еспекөл, Ақши, т.б. қыстаулар орналасқан. Жаға Ойыл өзенінің жақын орналасуына байланысты қолайлы жайылым.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>