Ақбасты

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Арал Ақбасты Арал теңізінің солтүстік-шығысында, жағалаудан 12 км жерде, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатқан бұрынғы арал.

Сипаты

Жер аумағы 8 км2, ұзындығы 10 км, ені 1,3 км. Ақбастының жер бедері жазық, құмдақты шөгінділерден түзілген. Кезінде сан түрлі құстар мекендеген, суы балықтарға бай болған, жағалауында ну қамыс, қоға өскен Ақбасты теңіз суының саяздануына байланысты көршілес жатқан Қосарал, Күшжетпес (Құсжетпес), Қараарал және Орысқамыс аралдарымен бірігіп, теңіз жағалауына айналған.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер