Бутаков шығанағы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Шығанақ Бутаков шығанағыСолтүстік Арал теңізінің қиыр солтүстігінде, Шұбартау және Көктырнақ түбектері аралығында орналасқан.

Сипаты

Теңіз суы тартылғанға дейін шығанақтың суы батыстан шығысқа қарай 40 км шамасында созылып, енінің жалпақ жері 20 км болған. 2004 жылғы деректер бойынша, А. И. Бутаков шыңының ұзындығы 20 км, теңізге шығар жерінің ені 3 км, солтүстік жағалауы жарқабақты және тереңдеу, оңтүстік-батысы мен оңтүстік жағасы жайпақ, аласа. Шығанаққа жақын жер бедері көтеріңкі, қырқалы, құмдауытты, сортаң және тақырлы алқап.

Геологиялық құрылымы

Жер қыртысы бор, палеоген, неоген және төрттік кезеңдердің шөгінділерінен түзілген.

Өсімдігі

Батпақты-құмды топырағында қамыс пен құрақ, ши өседі. Батыс жағалауында 3 км жерде Ақеспе, оңтүстік шығысында Тастүбек ауылдары орналасқан. Арал теңізін алғаш зерттеген А.И. Бутаковтың есімімен аталған.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер