Ащыкөл (көл, Батыс Қазақстан облысы)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Көл Үлгі:Мағына Ащыкөл — Ойыл өзенінің сағасындағы көл.
Географиялық орны
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының қиыр оңтүстігінде, Жалтыркөл көлінінің батысында орналасқан көл.
Гидрографикасы
Аумағы 4,22 км2, теңіз деңгейінен 7,6 м төменде жатыр. Көлдің ұзындығы 3,7 км, ені 1,7 км, жағалауының ұзындығы 13,2 км. Жағалауы жайпақ, қамыс-құрақ ескен. Негізінен Ойыл өзенінің суымен толығады. Көктемде шарасынан шығып жайылып кетеді. Қарашаның 2- жартысында қатып, сәуірдің басында мұзынан арылады. Жаз айларында құрғап қалады. Суы тұзды. Көктемде Ойыл өзеніне таман аздап тұщыланады. Жағалауы шабындық және жайылым ретінде пайдаланылады.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8</ref>