Жалтыркөл (көл, Ақжайық ауданы)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Көл Үлгі:Мағына Жалтыркөл — Жайық алабындағы көл.
Географиялық орны
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы жерінде. Ойыл өзенінің сағасында, теңіз деңгейінен 7 м төмен жатыр.
Гидрографикасы, сипаты
Аумағы 19 км2, ұзындығы 8,5 км, енді жері 3,7 км. Жауын-шашын және Ойыл өзені суымен толысады. Тамыз айынан бастап Ойыл өзені көлге жетпей тартылып қалады да көл деңгейі күрт төмендейді. Жағасы жайпақ, солтүстік жағы көтеріңкі келеді. Желтоқсан – наурыз айлары аралығында суы қатады. Суы тұзды. Көктемде мал ішуге жарамды. Алабы – шабындық, жайылым.