Ақтайлақ (көл)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:01, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көл Үлгі:Мағына АқтайлақАқмола облысы Қорғалжын ауданындағы тұзды тұйық көл. Өркендеу ауылының батысында, 16 км жерде орналасқан, теңіз деңгейінен 307 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы

Ұзындығы 7,9 км, ені 2,3 км. Тереңдігі 2 м-ге жуық. Аумағы 12,4 км2 (1974 және 1960 жылдары - 21,6 км2). Су жиналатын алабы 58,9 км2. Еріген қар, жер асты суымен толысады. Жағалауы батпақты. Көлге Қарасу өзені құяды. 2008 жылы Ақтайлақ көлі Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы аумағына енгізілді. Көктем айында көл жағалауына қаз, үйрек, қоқиқаздар ұя салады.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер