Темірастау
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Көл Темірастау – Нұра алабындағы көл.
Географиялық орны
Ақмола облысы Қорғалжын ауданының солтүстіінде Қорғалжын ауылынан солтүстікке қарай 20 км, Ащыкөл көлінің оңтүстік-шығысында теңіз деңгейінен 322 м биіктікте орналасқан.
Гидрографикасы
Аумағы 5 км2 (құрғақшылық жылдары 4,3 км2), ұзындығы 2,6 км, енді жері 2,2 км. Жағалау бойының ұзындығы 7,9 км. Су жиналатын алабы 94,2 км2. Жағалауы жазық. Түбі лайлы. Қар және жер асты суымен толығады. Құрғақшылық жылдары кеуіп қалады. Жағалауында қамыс өскен. Суы тұзды, мал суаруға пайдаланылады.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>