Тұзащы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:01, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көл ТұзащыНұра алабындағы ащы көл.

Географиялық орны

Ақмола облысы Қорғалжын ауданы жерінде, Қорқылдақ ауылынан батысқа қарай 120 км жерде.

Гидрографикасы

Көл теңіз деңгейінен 331,8 м биіктікте жатыр. Ауданы 12,4 км2, ұзындығы 5,5 км, ені 4 км-ге жуық. Жағалау сызығының ұзындығы 16,5 км. Су жиналатын алабының аумағы 68,8 км2. Жағалауы саздақты жазық. Суы мол жылдары оңтүстігінде жатқан Қарасор көлімен бірігіп кетеді, құрғақ жылдары сор шалшыққа айналады. Жағалауы-шабындық және жайылым.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:ДереккөздерҮлгі:Stub