Жәнібекшалқар

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:01, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көл ЖәнібекшалқарАқмола облысы Қорғалжын ауданындағы көл. Қорғалжын ауылынан оңтүстікке қарай 16 км жерде, теңіз деңгейінен 327 м биіктікте орналасқан.

Гидрографикасы

Аумағы 19,1 км2 (суы мол жылдары 21,5 км2-ге дейін ұлғаяды). Ұзындығы 7,5 км, енді жері 6,3 км. Жағалау бойының ұзындығы 26,2 км. Көлге Нұра өзені құйып, ағып шығады. Батыс, солтүстік және шығыс жағалаулары жайпақ, оңтүстігі тіктеу. Солтүстік-шығысында ұзындығы 1,5 км, енді жері 1,2 километр болатын түбек орналасқан. Көл табаны лайлы. Көл, негізінен, Нұра өзенінің суымен, қар және жер асты суларымен толысады. Қарашада суы қатып, сәуірде ериді. Суы тұщы, мал суаруға пайдаланады. Суында мөңке, оңғақ, нәлім, алабұға, торта, шортан және аққайран тіршілік етеді. Су құстары (қаз, үйрек) ұя салады. Солтүстік жағалауында қамыс, құрақ өседі.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер