Шолақшалқар

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:01, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көл ШолақшалқарНұра өзеннің алабындағы ағынды көл.

Географиялық орны

Ақмола облысының Қорғалжын ауданында орналасқан. Ауданы 58,1 км 2. Қорғалжын ойысының арналық қазаншұңқырында. Аңғары жазық, түйетайлы, батпақты, жағасы тік, кемерленген, жарлауытты. Көлді Нұра өзені жарып ағады. Жауын-шашын суымен толығады. Суы мол жылдары көл шарасынан асып жайылып, маңайындағы көлдерге ұласады. Суы тұщы. Балыққа бай, мөңке, шортан, шабақ, аққайран, сазан мекендейді.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер