Қанжығалы (көл)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:01, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көл Үлгі:Мағына ҚанжығалыҚалқұтан алабындағы көл.

Географиялық орны

Ақмола облысы Ақкөл ауданының орталық бөлігінде, Ақкөл қаласынан шығысқа қарай 4 км жерде, теңіз деңгейінен 370 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы

Аумағы 12,4 км2 ұзындығы 4,3 км, енді жері 3,1 км, жағалау бойының ұзындығы 11,5 км. Су жиналатын алабы 62,4 км2. Жағалауы жатық, көл түбін лай басқан. Негізінен еріген қар және грунт суларымен толысады. Суы тұзды және кермекті. Мал суаруға пайдаланылады.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер