Сөгеті

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:54, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

СөгетіІле Алатауының шығысындағы Сөгеті және Торайғыр таулары аралығындағы аңғар. Батысында Шілік, шығысында Шарын өзендері аңғарларына тіреледі. Ұзындығы 50 – 60 км, ені 20 – 25 км. Шығыс жағы көтеріңкі (абсолюттік биіктігі 1189 м). Шөлейтті сұр топырақты жерінде бұта аралас бетеге, қау, қаражусан, көкпек сияқты өсімдіктер өседі. Шығысындағы эрозияға ұшыраған сұр, сортаңды сұр топырақты адырлы жерінде тасбұйырғын, бұйырғын өседі. Сөгеті аңғары арқылы АлматыШонжыНарынқол автомобилдық жолы өтеді.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub