Бердібаев Анарбек Мөкішұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тексерілмеген мақала Үлгі:Тұлға

Бердібаев Анарбек Мөкішұлы (1953 жылы 12 қаңтарда туған) — қазақстандық журналист, ақын және аудармашы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Өмірбаяны

Анарбек Бердібаев 1953 жылы 12 қаңтарда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы (бұрынғы Шелек ауданы), Қорам ауылында дүниеге келген. 1960 жылы Қорам ауылындағы мектепке барып, 1970 жылы Ащысайдағы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепті тәмамдады.

1970–1972 жылдары Забайкалье өлкесінде әскери борышын өтеп, танк әскерінде жүргізуші-механик, взвод командирінің орынбасары қызметтерін атқарды. Әскери тапсырмаларды үздік орындап, спорттық нормативтер бойынша жоғары нәтижелер көрсетті.

1980 жылы Алматы қаласындағы С.М. Киров атындағы (қазіргі әл-Фараби атындағы) Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп, оны бітірген.

Еңбек жолы

1985 жылдан бастап Шелек аудандық «Еңбек туы» газетінде корректор, кейін жергілікті радио хабарларын тарату бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды.

Кейін Шелек аудандық әкімшілігі аппаратында аудармашы-бас маман болып қызмет етіп, іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге үлес қосты.

Аудан таратылғаннан кейін Шелек кәсіптік-техникалық училищесінде және А. Розыбақиев атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болды. Сонымен қатар «Еңбекшіқазақ» газетінің Шелек өңірлік тілшісі қызметін атқарды.

Шығармашылығы

Анарбек Бердібаев — «Ғұмыр – көш», «Көгершін – жырым, қалықта» атты жыр жинақтарының авторы. Оның өлеңдері «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз», «Qfsym» журналдарында жарияланған.

Ол ұйғыр тіліндегі әдеби шығармаларды қазақ тіліне аударумен айналысады. Ұйғыр ақыны Иминжан Тоқтияровтың өлеңдерін қазақ тіліне аударып, республикалық басылымдарда жариялаған. Сонымен қатар жазушы Авут Масимовтың «Айқасқа» повесі мен «Ақтышқан» ертегісін аударған.

Журналист ретінде жер-су атаулары, тарихи тұлғалар туралы көптеген деректі мақалалар жазған. Шелек атауының бұрын «Шілік» болғанын тарихи деректермен дәлелдеген.

Сондай-ақ 20-дан астам ән мәтіндерінің авторы.

Марапаттары

  • Алматы облысы әкімдігінің ынталандыру сыйлығы (2007)
  • «Аманат» партиясының Алғыс хаты
  • Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалі
  • «Қамқор» медалі

2025 жылы Авут Масимовтың «Айқасқа» повесін аударғаны үшін «Құлагер» республикалық байқауының «Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша жүлдегер атанды.

Қоғамдық қызметі

Анарбек Бердібаев — қазақ және ұйғыр әдеби байланыстарын дамытуға үлес қосып жүрген қаламгер.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер <ref>Үлгі:Cite web</ref>