Аралды құтқару жөніндегі қоғамдық ұйымдар
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Аралды құтқару жөніндегі қоғамдық ұйымдар – Арал теңізін экологиялық апаттан сақтау жолындағы бұқаралық қозғалыс барысында құрылған беймемлекеттік ұйымдар. Арал проблемасын дүниежүзілік, одақтық және республикалық деңгейде көтере білген «Арал мен Балқашты қорғау қоры», сондай-ақ, облыстық ауқымда әрекет еткен Аралды құтқару жөніндегі қоғамдық комитет, Аралдың экологиялық жағдайын қалпына келтіруге қоғамдық көмек ұйымдастыру комитеті «Арал тағдыры – адам тағдыры» деген ұран тастап, экологолиялық апат аймағындағы ел тағдыры мен теңіз тағдырына мемлекет пен үкімет басшыларының, қалың жұртшылықтың назарын аударды.