Жыңғылтүбек

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:54, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

ЖЫҢҒЫЛТҮБЕКАрал теңізінің қазақстандық бөлігіндегі түбек. Қызылорда облысы Арал ауданы Қасқақұлан аралынан шығысқа қарай 21 км жерде орналасқан. Аумағы 1,8 мың км². Түбек тұсында теңіз жағасының ені 3 – 4 км болатын абразиялық жиынды жазық сәл ылдилап теңізге түседі. Теңіз толық кезінде мұнда өсімдік жамылғысы өте қалың өскен. Қазір олардың түрлік құрамы сақталғанымен биомассасы азайып кетті.

Дереккөздер

"Қазақ Энциклопедиясы"

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub