Жыңғылтүбек
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:11, 2014 ж. мамырдың 8 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
ЖЫҢҒЫЛТҮБЕК– Арал теңізінің қазақстандық бөлігіндегі түбек. Қызылорда облысы Арал ауданы Қасқақұлан аралынан шығысқа қарай 21 км жерде орналасқан. Аумағы 1,8 мың км². Түбек тұсында теңіз жағасының ені 3 – 4 км болатын абразиялық жиынды жазық сәл ылдилап теңізге түседі. Теңіз толық кезінде мұнда өсімдік жамылғысы өте қалың өскен. Қазір олардың түрлік құрамы сақталғанымен биомассасы азайып кетті.