Юрий Александрович Синявский
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Sinyavski.jpg
Синявский Юрий Александрович(1951)
Синявский Юрий Александрович (11.11.1951 жылы туған, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Ақсай ауылы) – биология ғылымдарының докторы (1998), профессор (1998).
Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университеті (1974, қазіргі Әл-Фараби Қазақ Ұлттық Университеті) бітірген. Қазақ Тағамтану академиясында зертхана меңгерушісі (1976–1998) болды. 1998 жылдан вице-президенті қызметін атқарады. Негізгі ғылыми бағыты – арнайы және көпшілік тұтынатын медициналық-биологиялық қасиеттері бар емдік-профилактикалық өнімдерді құрастыруға арналған. 330-дан астам ғылыми жарияланымның, 5 монографияның авторы. 30 патенттің иегері. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2001).<ref>Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы</ref>