Станислав Николаевич Харин
Станислав Николаевич Харин (4 желтоқсан, 1938 жылы туған, Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең ауылы) – физика-математика ғылымдарының докторы (1990), профессор (1991), Қазақстан ғылым академиясының академигі (2003), КСРО өнертапқышы.
Өмірбаяны
- ҚазМУ-ды (1961, қазіргі ҚазҰУ) бітірген.
- ҚазМУ-да аспирант, ғылыми қызметкер (1961–1980).
- Қазақстан ғылым академиясының математика және механика институтында директордың орынбасары (1980–1994) болған.
- 1994 жылдан Қазақстан ғылым академиясының физика-математика бөлімшесінде академик-хатшы қызметін атқарды.
1964 жылдан бастап Қазақстан Ғылым Академиясының Математика институтында (1965 жылға дейін ҚазКСР ҒА Математика және механика секторы), 1969—1980 жылдары Математикалық физика теңдеулері зертханасының (МФТЗ) аға ғылыми қызметкері, 1980—1994 жылдары ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары және Математикалық физика теңдеулері зертханасының меңгерушісі болды.
1994—1996 жылдары Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының Физика-математикалық ғылымдар бөлімінің академик-хатшысы және Президиум мүшесі,
1996—2001 жылдары Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық комитетінің (Қазақстан тарапынан) бірлескен төрағасы,
1996—2001, 2003—2005 жылдары GIK Institute of Engineering Sciences and Technology (Топи, Пәкістан) профессоры,
2001—2003 жылдары University of the West of England (Бристоль, Англия) профессоры,
2005 жылдан бастап Қазақстан-Британ техникалық университетінің профессоры,
2010 жылдан бастап ҚР ҰҒА Физика, математика және информатика бөлімінің вице-президенті.
Ғылыми еңбектері
- 1989 жылы «Математические модели теплофизических процессов в электрических контактах» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
- 160-тан астам ғылыми жарияланым мен 3 монографияның авторы.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>