Жансая Мұратбекқызы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
20:39, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жансая Мұратбекқызықазақстандық стендап-комик, блогер, сценарист. «Қазақша стендап» қозғалысының негізін қалаушылардың бірі және отандық стендап жанрындағы алғашқы әйел комиктердің бірі. Үлкен жеке концерті мен YouTube-шоуы бар жалғыз қазақ тілді әйел-комик.

Өмірбаяны

Жансая Мұратбекқызының стендап жанрындағы кәсіби қадамы 2018 жылы басталды. Ол Salem Social Media компаниясы ұйымдастырған халықаралық байқауға қатысып, қазақ тілінде монолог оқыған жалғыз қатысушы болды. Орыс тілді ортада өткен бұл байқауда Жансая бас жүлдені иеленіп, 1 миллион теңге ұтып алды. Бұл жеңіс оны көпшілікке стендап-комик ретінде танытты<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Байқаудан кейін ол жолдасы Дидармен бірге Salem Social Media компаниясында автор-сценарист ретінде қызмет атқарды. Бастапқы кезеңде қазақ тіліндегі монологтарды оқитын арнайы алаңдардың болмауына байланысты, Жансая әлеуметтік желілерде вайн (қысқа әзіл бейнероликтер) түсірумен айналысып, блогер ретінде танымалдылыққа ие болды. Кейінірек ол өзінің негізгі бағыты — стендапқа қайта оралды.

Шығармашылығы

Жансая Мұратбекқызының әзілдері негізінен отбасылық құндылықтар, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы, тұрмыстық мәселелер және әйел теңдігі тақырыптарын қамтиды.

Комик өз монологтарында декреттегі аналардың мәселесін, қазақ қоғамындағы келіндер мен енелер қарым-қатынасын, сондай-ақ отбасындағы өзара қолдаудың маңыздылығын көтереді.

Жансая «қара әзілден» (black humor) және дөрекі, «белден төмен» әзілдерден аулақ. Ол қазақ менталитеті мен мәдениетіне сай, тәрбиелік мәні бар юморды ұстанады.

Комиктің айтуынша, оның мақсаты — әзіл арқылы қоғамдағы ажырасу мәселелерінің алдын алу және отбасылық институтты нығайту.

«Қазақша стендап»

Жансая Мұратбекқызы жолдасы Дидармен және әріптестері Ғалымжан Жанықұлов, Нұрманхан Мұқанұлымен бірігіп, елімізде «Қазақша стендап» қозғалысының дамуына үлес қосты.

Комик Қазақстанның бірнеше қаласын қамтыған жеке стендап турын өткізді. Бұл тур екі жылдық дайындықтың және авторлық материалдарды сұрыптаудың нәтижесінде жүзеге асты. Концерттік бағдарламалар кейіннен YouTube видеохостингіне жүктеліп, кең аудиторияға таратылады.

2025 жылы «Алыстағы Жақыным» жеке концерті жарияланды.

Подкаст

Жеке өмірі

Жансая Мұратбекқызы тұрмыс құрған, жолдасы — Дидар Советбеков<ref>Үлгі:Cite web</ref>, ол сонымен қатар Жансаяның продюсері және шығармашылық серіктесі. Ерлі-зайыптылар бір салада қызмет етеді және «Қазақша стендап» жобасын бірге атқарады. Мектеп кезден таныс екеуі шығармашылықты бірге бастаған, КВН ойнап, вайндар түсірген. Жансая стэндапқа келер кезде де бірінші кезекте жолдасы қолдау білдіргенін айтады. Ал кейінгі сұхбаттарында Жансая күйеуі туралы әзілдерді Дидардың өзі жазатынын айтқан.

2021 жылы қазанда стэндап сахнасына Дидардың өзі де шыққан. Ол кезде Жансай перзентханада болып өнер көрсете алмаған соң, Дидар өзі туралы «өзі жазған» әзілдерді оқып берді. «Жансая менің кесірімнен келе алмады» деп бастайды ол сөзін.

Сыртқы сілтемелер

Концерттері

Сұхбаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер