Мұнайшы (ауыл)
Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына Мұнайшы – Маңғыстау облысы, Қарақия ауданындағы ауыл (2013 ж. дейін - кент<ref>Қарақия ауданының Жетібай және Мұнайшы кенттерін "ауыл" санатына жатқызу туралы</ref>).
Мазмұны
Географиялық орналасуы
Аудан орталық Құрық ауылынан солтүстік-шығыста 65 км, Жетібай кентінен оңтүстікке қарай 15 км, Қарақия ойысынан шығысқа қарай 13 км жерде орналасқан.
Тарихы
Іргесі 1975 жылы осы өңірде ашылған мұнай кен орнын игеруге байланысты қаланды.
Халқы
Тұрғыны:
- 3065 адам (1513 ер және 1552 әйел адам) (1999)<ref name="source1">- 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том</ref>;
- 3500 адам (2006);
- 4647 адам (2400 ер және 2247 әйел адам) (2009)<ref name="source1"></ref>.
- 5511 адам (2014); Үлгі:Citation needed
Экономикасы
Мұнда мұнай-газ өндіру кәсіпшілігі, байланыс бөлімшесі, т.б. мекемелер орналасқан.<ref>«Маңғыстау»энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>
Білім саласы
Жетібай стансасында заманауи 624 орындық жаңа мектеп салынып, 2016 жылдың 1 – ші қыркүйек күні халық игілігіне пайдалануға берілген болады.
2014 жылы заманауи 140 орындық «Еркемай» балабақшасы пайдаланылуға берілді. Осы балабақшаға көлік қатынасын жақсарту мақсатында 700 метр қатқыл табанды көлік жолы салынды.
Денсаулық сақтау саласы
2015 жылдың тамыз айында аусымына 40 науқасты қабылдауға арналған заманауи құралдармен жабдықталған жаңадан дәрігерлік амбулатория ғимараты салынды. Қазіргі таңда амбулатория жоғарғы білімді дәрігер мамандармен толықтырылды.
Мәдениет саласы
Мәдениет үйі тарапынан жоспарланған мәдени шаралар уақытылы өткізілде.
Қазіргі таңда, мәдениет үйінде би үйрмесі жұмыс жасауда, оған 30 оқушы қатысады. Бейнелеу үйірмесі ашылып, оған 16 оқушы қатысады. 2016 жылы қосымша қолөнер үйірмесін ашу жоспарланды.
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Қарақия ауданы елді мекендері