Құспан Еспендіұлы Темірғалиев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Құспан Еспендіұлы Темірғалиев (28 желтоқсан 1919, Шоңғай станциясы, Орда ауданы, Орал облысы - 2003) — тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстандағы мұнай өнеркәсібінің тарихын зерттеген көрнекті ғалым, алғашқы Гурьев мұғалімдер институтының ұйымдастырушысы әрі тұңғыш ректоры.

Өмірбаяны

Темірғалиев Құспан Еспендіұлы 1919 жылы 28 желтоқсанда Орал облысы Орда ауданы Шоңғай станциясында қарапайым жұмысшы-шебердің отбасында дүниеге келді. Ерте жастан еңбекке араласып, 13 жасында Астрахан облысының «13 лет Октября» колхозында шопанның көмекшісі болды. Астрахан рабфагінде білім алып, 1939 жылы Орал педагогикалық институтының тарих факультетіне оқуға түсті.

1939 жылы қазан айында Қызыл Әскер қатарына шақырылып, Новосібір қаласында 193-шы Сібір атқыштар дивизиясының 418-ші атқыштар полкінде әскери қызмет етті. Снайпер, спортшы ретінде шыңдалып, Ұлы Отан соғысына қатысып, майданды аға лейтенант шенінде аяқтады<ref>https://pamyat-naroda.ru/heroes/person-hero91411115/?backurl=%2Fheroes%2F%3Fadv_search%3Dy%26last_name%3D%D0%A2%D0%B5%D0%BC%D0%B8%D1%80%D0%B3%D0%B0%D0%BB%D0%B8%D0%B5%D0%B2%26first_name%3D%D0%9A%D1%83%D1%81%D0%BF%D0%B0%D0%BD%26middle_name%3D%26date_birth_from%3D%26static_hash%3D5b0bd66f22837ed8e65e4e160542d454b3573f3600cdbc1aa8742bd494516397v1%26group%3Dall%26types%3Dpamyat_commander%3Anagrady_nagrad_doc%3Anagrady_uchet_kartoteka%3Anagrady_ubilein_kartoteka%3Apdv_kart_in%3Apdv_kart_in_inostranec%3Apamyat_voenkomat%3Apotery_vpp%3Apamyat_zsp_parts%3Akld_ran%3Akld_bolezn%3Akld_card%3Akld_upk%3Akld_vmf%3Akld_partizan%3Apotery_doneseniya_o_poteryah%3Apotery_gospitali%3Apotery_utochenie_poter%3Apotery_spiski_zahoroneniy%3Apotery_voennoplen%3Apotery_iskluchenie_iz_spiskov%3Apotery_kartoteki%3Apotery_rvk_extra%3Apotery_isp_extra%3Asame_doroga%3Asame_rvk%3Asame_guk%3Apotery_knigi_pamyati%26page%3D1%26grouppersons%3D1&</ref>.

1945 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетіне түсіп, 1950 жылы үздік дипломмен тәмамдады.

1950 жылы жаңа ұйымдастырылған Гурьев мұғалімдер институтына директор болып тағайындалып, кейін бұл оқу орны Гурьев педагогикалық институты (қазіргі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті) болып қалыптасты<ref>https://asu.edu.kz/university/people/Rector/330/</ref>.

1959 жылы кандидаттық, 1966 жылы докторлық диссертация қорғады.

1966 жылдан Жамбыл қаласында Жамбыл технологиялық институтының кафедра меңгерушісі болып еңбек етті.

1973 жылы профессор ғылыми атағын алды.

1976 жылдан бастап «КПСС тарихы және саясаттану» кафедрасын басқарды, осы кезеңде 15 ғылым кандидатын, 2 ғылым докторын дайындады.

1997–2003 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Қазақстан тарихы» кафедрасында қызмет атқарды<ref>https://asu.edu.kz/upload/iblock/b22/nauryz.pdf Үлгі:Webarchive</ref>.

Ғылыми және қоғамдық қызметі

Темірғалиев Құспан Еспендіұлы Гурьев қаласында алғашқы жоғары оқу орнын ұйымдастыруға және оның қалыптасуына зор еңбек сіңірді. Ғалым мұнай өнеркәсібінің дамуы, Қазақстандағы партия ұйымдарының қызметі жайлы зерттеулерімен белгілі.

20 жыл бойы Гурьев және Жамбыл облыстық «Білім» қоғамының басқармасын басқарды. 12 жыл бойы жас лекторлар мектебін ұйымдастырып, екі мәрте КСРО халық университеттерінің Бүкілодақтық байқауында жеңімпаз атанды.

Негізгі еңбектері

  • «Қазақстандағы мұнай өнеркәсібінің дамуы мен өркендеуі»
  • «Социалистік дәуірдегі Ембі мұнай өнеркәсібі» (1957)
  • «Қазақстан мұнайын игеру жолындағы күрес» (1982)

Сонымен қатар 100-ден астам ғылыми-методикалық мақалалар, монографиялар жариялады.

Марапаттары мен атақтары

Орден «Отан соғысы» II дәрежесі

«Мәскеуді қорғағаны үшін» медалі

«Ерлігі үшін» медалі

«1941–1945 жж. Германияны жеңгені үшін» медалі

Орден «Құрмет белгісі»

«Ерен еңбегі үшін» медалі (В.И. Лениннің 100 жылдығына орай)

«Еңбек ардагері» медалі

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің үш Құрмет грамотасы

Барлығы — 16 үкіметтік ордендер мен медальдардың иегері.

1991 жылы Жамбыл қаласына сіңірген еңбегі үшін «Жамбыл қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Оның есімі ғылым мен білім тарихында сақталды. Тараз мемлекеттік университетінде арнайы аудитория ашылған, тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылған.

Сілтеме

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9 , VII том

Тельман ДОСТАНБАЕВ. Знамя труда. 22 декабря 2009

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер