Ақтөбе қонысы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ақтөбе қонысы (X-XII ғғ.) – орта ғасырлардағы қоныс орны, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Жамбыл ауданы Бесағаш ауылынан оңтүстікке қарай 650 м Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шкарасынан солтүстікке қарай 700 м жерде орналасқан.

Сипаты

2010 жылы "Археологическая экспертиза" ЖСШ ескерткіштер Жинағы экспедициясы (С. Ақылбек, Ш. Құдабаев) зерттеген.
Қоныс пішіні дөңгелекше келген төбе түрінде сақталған. Төбенің диаметрі 66 м, биіктігі 3,5 м. Қазіргі таңда ескерткіштің үстіңгі бөлігі зиратқа айналған.<ref> Жамбыл облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің Жинағы. Жамбыл ауданы. – Алматы, 2010. 212 б. ISBN 978-601-7253-04-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер