Ертіс обасы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ертіс обасы – қола және темір дәуірлерінен сақталған обалар тобы.
Орналасқан жері
Павлодар облысы Ертіс ауданы орталығынан 6,3 км жерде, Ертіс ауылына баратын жол бойында орналасқан.
Сипаты
Б.з.б. XII-VI ғасырларға жатады. Обалардың диаметрі 11-25 м, биіктігі 0,3-0,8м. Қайтыс болған адамдардың басы құбылаға қаратылып, қол-аяғы бүгіліп, лақыттап қазылған қабірге жерленген. Обадан саз балшықтан жасалған әшекейлі құмыра ыдыстар, жылқының омыртқа сүйектері табылды. Осыған қарағанда, бұл өңірді мал шаруашалығымен айналысқан тайпалар мекендеген.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>