Егізқойтас

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Егізқойтас қоршаулрықола дәуірінен сақталған зират, Қарағанды облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Ақтоғай ауданы, Тоқырау өзенінің жоғарғы ағысында, Егізқойтас тауынан оңтүстікке қарай 3 км жерде орналасқан.

Сипаты

1957 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшілері Ә. Оразбаев, М. Қадырбаев) зерттеген.
Зираттар қола және темір дәуірлері ескерткішінен тұрады. Қола дәуірінің дөңгеленте, кейде тікбұрыш пішінде қырынан қойылған үлкен тас плиталардан жасалған қоршаулары екі топқа бөлінеді, аралары 500 м. Бірінші топта 16, екіншісінде 38 қоршау бар. Екі қоршау қазылған. Дөңгелек пішінді қоршаудың диаметрі 6 м. Ортасындағы кей тұстары ағаш кесінділерімен шегенделген қарапайым шұңқыр қабір (аумағы 2,3×1,5 м, тереңдігі 1,1 м) аршылды. Нашар сақталған мүрде жанынан көптеген аргиллит моншақтар, қыш ыдыс сынықтары табылды. 7-қоршау тікбұрыш пішіндес, диаметрі 5 м. Аршылған шұңқыр қабірдің аумағы 2,2×1,16 м, тереңдігі 0,6 м. Мүрделердің тас жәшікке емес, саяз шұңқырларға қойылуы мұнда жерленген адамдардың неғұрлым төменгі әлеуметтік сатыда тұрғанын білдіреді.
Қоршаулар б.з.б. II-мыңжылдықтың 2-жартысында тұрғызылған, яғни Орталық Қазақстандағы Атасу қонысы ескерткіштерімен тұстас. Қола дәуір қоршауларының маңайында кейінірек үйілген 6 тас оба қазылды. Жақсы сақталған 3-обадан түркі дәуірі жауынгерлерінің мүрдесі ашылды. Диаметрі 7 м, биіктігі 0,6 м тас обада мүрде басы шығысқа қаратыла жатқызылған. Орта жастағы сарбаз қаруымен және ерттеулі атымен бірге қойылған. Мерзімі IV-VII ғасырлар. Зират төңірегіндегі тастан үйілген 6 оба қазылған.
Зерттеу нәтижелері бұл ескерткіштердің ерте темір дәуірінде Орталық Қазақстанда өркендеген Тасмола мәдениетіне жататынын көрсетеді (б.з.б. IV-VII ғғ.).<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>Қ 18 Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2006. – 768 б.ІSВN 9965-26-175-Х</ref>

Әдебиеттер

  • Кадырбаев М.К., Памятники ранних кочевников Центрального Казахстана. Труды ИИАЭ АН КазССР, т.7, А.-А., 1959;
  • Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М., Древняя культура Центрального Казахстана, А.-А., 1966.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер