Бала Айдаһарлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бала АйдаһарлыҚарағанды облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген ерте темір дәуірінен cақталған археологиялық ескерткіш.

Орналасқан жері

Шет ауданы Қызылтай ауылынан оңтүстікке қарай 48 км жерде, Бала Айдаһарлы тауының оңтүстік-шығыс етегінде орналасқан.

Сипаты

1982 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ж. Құрманқұлов) зерттеген.
Тастан үйілген обаның диаметрі 20 м, "мұрттарының" ұзындығы 180-200 м. Айналдыра жыланның тілі немесе күннің шуағы сияқты өрнектер салынған. Заттай деректерге қарағанда оба біздің заманымыздан бұрынғы VII-V ғасырларға жатады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер