Сарыжаз (қорған)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сарыжаз — ежелгі қорғандар, Алматы облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіштері.

Орналасқан жері

Райымбек ауданы Кеген ауылы мен Лабасы тауының бөктеріне дейінгі аралықта орналасқан.

Сипаты

Тарихи ескерткіштерді 1898 жылы В.Д. Городецкий, 1956 жылы Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі Е.И. Агеева) зерттеген.
Сарыжаз қорғандарының барлығы тас үйіндісі болып қалған 46 қоныс, қорған, обалардан тұрады. Мұның ішінде екі қорған зерттелген: Сарыжаз ауылынан 11 км, Қарқара ауылына баратын жолдың оң жағы. Аумағы 10,5х16,8 м, төрт бұрышты қорған; Сарыжаз ауылынан 9 км, жолдың сол жағында. Ол да төрт бұрышты, ұзындығы 10-16 м.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер