Бүркітті (қоныс)
Бүркітті – соңғы палеолит дәуірінің кейінгі кезеңіне жататын көне қоныс орны.
Орналасқан жері
Жамбыл облысы Сарысу ауданы, Бүркітті ауылынан 2 км жерде.
Сипаты
1957 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының тарих, археологиялық және этнография институтының арнайы тас ғасыры ескерткіштерін зерттеу үшін жасақталған Қаратау тобы (жетекшісі Х. Алпысбаев) зерттеген.
Бүркітті өзенінің 2-жайылмасын қазу кезінде 0,90-1,40 м тереңдікте бірнеше ақ халцедоннан жасалынған тас қабыршықтары пышақ тәрізді зат, мезеолит дәуірінен қалған бір басы тегістелген трапеция (20х16х3 мм) пішіндес тас, өзек тастар табылды. Алынған тас қабыршақтардың жалпы саны 140-тан астам. Трапеция тас тілікшеден жасалған, бүйірі мен үстіңгі жағы тігінен шабылған. Табылған құралдар мен бұйымдар тас дәуірінің ақырғы кезеңін қамтиды.<ref name = "source1">“Қазақ Энциклопедиясы”, II-том</ref>