Айғырлы үңгірі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
01:38, 2025 ж. желтоқсанның 7 кезіндегі Coffee86 (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Үңгір Айғырлы үңгіріМаңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Маңғыстау ауданы, Таушық ауылынан 17,5 км оңтүстік-батыс бағытта, Айғырлы жазығының жар қабақты жырасының шығыс қапталында орналасқан.

Сипаты

2006 жылы «Маңғыстау тарихи-мәдени қорығы» мемлекеттік мекемесі зерттеген.

Нысан Үстірт тәрізді үстіртті Айғырлы тепсеңінің жоғарғы жағында орналасқан. Мұндағы үңгір табиғи жолмен кеңіген, жердің жарылып айырылуына байланысты пайда болған, ені 1,5 м, биіктігі 7 м болады. Жарылған қуыс үңгірінің пішіні «Г» әрпі тәрізді. Жарылған қуыс үңгірінің түкпірінде, кеңістігі белгісіз қуыс орны бар. Үңгір қабырғасында араб графикасындағы жазу, түркі руникасы мен таңба белгілер және зат қоюға, ілуге арналған орын бар.<ref>М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. ― Өскемен: AsT prime, 2012. ― 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер