Жолбасшы қорымы
Жолбасшы қорымы (ерте темір дәуірі, орта ғасыр) – Ақмола облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.
Орналасқан жері
Ерейментау ауданы, Жолбасшы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 2,4 км жерде орналасқан.
Сипаты
2009 жылы В.Ф. Зайберт жетекшілік еткен Көкшетау археологиялық экспедициясының барлау тобы ашып, зерттеген.
Қорым аласа жотаның үстінде орналасқан және 1 оба мен 5 топырақ қабірден тұрады. Жерлеу құрылымының диаметрі 6 м, биіктігі 0,3 м. Үйме топырақтан және орта өлшемдегі тастармен қаланған. Обаның маңайында солтүстік-батыс-оңтүстік-шығыс тізбегі бойынша бағытталған 5 топырақ қабірлер орналасқан. Топырақ қабірлер 2х0,7 м өлшемдегі тікбұрышты пішінде келген, орталық бөлігінде 0,3 м тереңдігі бар шұңқырлар анықталған. Жерлеулер орташа өлшемдегі тастармен жабылған.
Ескерткіш солтүстік-шығыс Сарыарқа өңірін ерте темір дәуірі мен ортағасырларда мекендеген тұрғындардың мәдениетіне ұқсас келеді.<ref>Қазақстан Республикасының Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы. Ақмола облысы. 1-шығарылым. Ерейментау ауданы. – Свод памятников истории и культуры Республики Казахстан. Акмолинская область. Вып. 1. Ерейментауский район. – Астана, 2018. – 256 с. – Қазақша, орысша. ISBN 978-601-7812-42-3</ref>