Ақмырза III қорымы
Ақмырза III қорымы (қола дәуірі) – Ақмола облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.
Орналасқан жері
Ерейментау ауданы, Веренка ауылынан солтүстікке қарай 3 км жерде, Ақмырза өзенінің оң жағалауында, Еркіншілік–Майлан тас жолынан шығысқа қарай 700 м жерде орналасқан.
Сипаты
2006 жылы Көкшетау университетінің археологиялық экспедициясының барлау тобы зерттеген (В.В. Варфоломеев).
Ескерткіш еңістеу келген алаңда 7/8х5/6 м өлшемдегі үш тас қоршаудан тұрады. Қоршаулардың қабырғаларының ені 0,8 м болатын шағын тастармен қоршалған. Қоршаулардың айналасында, әсіресе оңтүстік-шығыс жақтан шағын тас қаландылар орналасқан. Тас қаландының өлшемдері 3/4х2/3 м. Биіктігі бойынша қоршаулар мен тас қаландылар жер деңгейінен аспайды және шабындық пен өсімдіктер арасында нашар көрінеді.
Қоршаулардың пішіні мен сыртқы көрінісіне қарағанда ескерткіш қола дәуірінің беғазы-дәндібай мәдениетіне ұқсас келеді.<ref>Қазақстан Республикасының Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы. Ақмола облысы. 1-шығарылым. Ерейментау ауданы. – Свод памятников истории и культуры Республики Казахстан. Акмолинская область. Вып. 1. Ерейментауский район. – Астана, 2018. – 256 с. – Қазақша, орысша. ISBN 978-601-7812-42-3</ref>