Кертті бекінісі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
16:07, 2025 ж. қыркүйектің 9 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Кертті бекінісі (ортағасыр) – Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Маңғыстау ауданы, Сайөтес ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 33,5 км жерде орналасқан.

Сипаты

Ескерткішті 2006 жыл "Маңғыстау тарихи-мәдени қорығы" мемлекеттік мекемесімен жасақталған "Ескерткіштер жинағын" түзу мақсатындағы археологиялық экспедициясының зерттеу жұмыстары барысында анықталған.
Бекініс шеңбер тәріздес диаметрі 15 м. Үстірт үстіртінің батыс шың-кемерінің шетіндегі Сынды асуынан батысқа қарай 4 км жердегі Кертті бұлағының жанында орналасқан. Қабырғалары дұрыс өнделмеген ірі тастарды көлденеңінен қойып қалаған құрылыс түрінде. Қазір қабырғаның 1 м болатындай биіктігі сақталған. Қираған тас үйіндінің ені 5-6 м, дуал ені 2-3 м. Бекіністің шығыс қабырғасында ерекше бөлінген жері бар. Оның ені де 3 м-дей, ұзындығы 10 м болып, үстіртпен қосылған мойнаққа тіреліп бекіген. Сол жерде диаметрі 4 м, биіктігі 0,4 м болатын тас үйіндісі де бар.<ref>М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер