Сақақұдық үңгірі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
18:48, 2025 ж. қыркүйектің 5 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Үңгір Сақақұдық үңгіріМаңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.

Орналасқан жері

Түпқараған ауданы, Қызылөзен ауылынан 6 км шығыс бағытта орналасқан.

Сипаты

Ескерткішті 2006 жылы Маңғыстаудың "Маңғыстау тарихи-мәдени қорығы" мемлекеттік мекемесі зерттеген.
Теңіздің жар қабақты тепсеңіне, бөлінген теңіздің құмды жағалауында орналасқан. Үңгір солтүстік-оңтүстік сызық бойымен созыла орналасқан, солтүстік бағыттағы төбенің төмендегені көрінеді. Есік қуысы тас қалама және жарық түсер ойық қуысы бар. Үңгірдің орталық бөлігінде күмбездің құлаған тастарының үйіндісі орналасқан.
Төбесіне таңба мен суреттер салынған. Қабырғасында және төбесінде қағылған шегелер кездеседі. Үңгірдің алдында (XIV-XV ғасырларға жататын) жапсырмалы және шарықта жасалған ыдыстардың сынықтары кездеседі.<ref>М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер