Қызылкент сарайы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:28, 2025 ж. наурыздың 1 кезіндегі Kasymov (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Kyzyl-Kenish.jpg
Қызылкент сарайы

Қызылкент сарайы — 13-15 ғ. архитектуралық ескерткіші, жұрнағы Қарағандыдан 260 км, Қарқаралы ауданының Кент ауылының оңтүстігіне таман 1,5 км жерде, Кент тауының шығыс бөлігіндегі Қызылсу өзенінің жағалауында жатыр.

Деректемелерде 1872 жылдан белгілі. А. И. Левшин, Ә. X. Марғұлан, В. Никитин, А. Чулочников, Д. Байжұмыров, Г. Броневский т. б. еңбектерінде сипатталған. Қызылкент сарайы орт. белігінде бір кезгі крест пішіндес 2 қабатты тас ғимараттын шаршылау ойыс орны бар тебе болып табылады. Негізгі жайға 3 жағынан төртбұрышты шағын құрылыстар қосылған, олар бас ғимаратпен ішкі жолдар арқылы жалғасады. Оңтүстік жағында ені-1,5 м, биіктігі 2 м кіре беріс, оның үстінде 6 ағаш бағанаға орнатылған балкон түріндегі аспа бар. Қабырғалары жалпақ табиғи тастан қаланып, арасына саз ерітіндісі құйылған (ені 0,7-0,8 м, ұз.15 м). Сарай кешеніне бұлардан басқа жеке құрылыстар мен бас ғимараттан оңтүстікке таман 25 м жердегі зират қорғаны кіреді.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер

Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия Үлгі:Қарағанды облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері