Машаттөбе

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Машаттөбе – ортағасырлық қоныс, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Түлкібас ауданы, Машат ауылында, Машат өзенінің сол жағалауында орналасқан.

Кезеңі

VІ-Х ғасырлар.

Сипаты

1981 жылы бұрынғы Шымкент педагогикалық институты археологиялық тобы (жетекшісі А.Н. Подушкин) зерттеген.
Қазіргі орны табаны 50х80 м, үстіңгі қабаты 30х50 м, биіктігі 4 м төбешік. Оңтүстіктен солтүстікке қарай созыла жатыр. Табылған қыш ыдыстар құмыра, кіші хұм, тостаған, көзе, т.б. заттарға қарағанда тұрғындар қалашықты 6-10 ғасырларда мекен еткен. Олар егін егіп, мал өсірумен айналысқан.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер