Тастөбе (қорған)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
21:16, 2024 ж. сәуірдің 29 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Тастөбе қорғаны – б.з.б. 3 – 2 ғасырлар ескерткіші.

Географиялық орны

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Ақшолақ бекетінен оңтүстікке қарай 5,5 км жерде орналасқан.

Зерттелуі, сипаты

1940 жылы Геромин Пацевич, 194648 жылы Н.Ф. Федин зерттеген. Сыртқы көрінісі төрт бұрышты, аумағы 45 м, биіктігі 2 м жер дуалмен қоршалған. Оңтүстігінде үш мұнараның орны сақталған, биіктігі 3 м. Қазба барысында керсендер, күбі көзелер, жайпақ табақтар, тостағанға ұқсас ыдыстар, мойны тар құмандар табылған. Тұрғындары негізінен мал шаруашылығымен, егіншілікпен айналысқан.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref><ref>Қ18 Қазақстан ғылымы: Энциклопедия./ Бас.ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: "Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2010. Т.2.– 544 бет. ISBN 9965-893-30-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері