Дікілтас

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

ДікілтасМаңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген ескерткіш, сармат тайпалары дәуірінен сақталған көне қорым.

Орналасқан жері

Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласынан шығысқа қарай 30 км жерде орналасқан.

Сипаты, деректер

1992-93 жылдары Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі З. Самашев) төрт ескерткішті қазды<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>.
Ең көрнекті бірінші оба – күрделі архитетуралық-планиграфиялық кешен, ол жерлеу және ғұрыптық рәсімдерді өткізетін орын мақсатында біздің заманымыздан бұрын 5 – 3 ғасырларда салынған.<ref> «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978;</ref> Орталық құрылыстан оңтүстікке бағытталған екі тас тізбектен (ұзындығы 30 м) және олардан оңтүстікке қарай тігінен орнатылған, үстіңгі шетінде дөңгелек таңба қашалған қойтастан тұрады (ұзындығы 2,1 м). Диаметрі 11 м дөңгелек орталық құрылыстың едені тақтатастармен жабылып, шеттері ірі тастармен жиектелген. Тік тақтатастардан көтерілген трапеция пішіндес қоршаудан (аумағы 7,45х5,05 м) 3 жерлеу, 4 кішірек ғибадаттық камералар, ғұрыптық мақсаттағы тас бағана, шағын дәліз аршылды. Жерленген мүрде саны 30-ға жуық, көптеген қару-жарақ, әшекей, шаруашылық бұйымдары табылды<ref>«Маңғыстау»энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>.
Дікілтас обасында бірнеше мәдени белгілер тоғысады. Жерлеу ғұрпы мен заттай деректер жергілікті мәдениеттерден хабар береді, яғни Оңтүстік Орал, Батыс Қазақстаннан Аралдың оңтүстігіне дейін тараған тайпалар дәстүріне жатады. Құрылымдық ерекшеліктері Орталық Қазақстан мәдениеттеріне біршама жақын. Мұндағы орталық құрылыстың кейбір белгілері мен үлкен тақтатастар Арқаның Беғазы-Дәндібай мәдениетіне, ал тас тізбектері Тасмола мәдениетіне ұқсайды.<ref> «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.</ref> Ғалымдардың пікірінше, Дікілтас – құрамына Арқа өңірінен қандай да бір этникалық топтар келіп қосылған көне Каспий бойының жергілікті тайпаларының ескерткіштеріне жатады. Ежелгі жазба деректер бойынша, осы өңірді дай (дах), массагет тайпалары мекендеген.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер