Ивайло көтерілісі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Ivailo.jpg
Ивайло патша

Ивайло көтерілісі (1277 – 80) – болгар шаруаларының бақташы Ивайло бастаған көтерілісі.


Қозғалыс Оңтүстік Добруджда басталды. Ивайло Ноғай ордасының қолына соққы беріп, болгар патшасы Константин Асеньнің (ұрыста қаза тапты) әскерін талқандады. Көтерілісшілер Ивайлоны патша деп жариялап (1277), Тырновоға (астана) қарай бағыт алды. Болгар ақсүйектерінің көмек сұратуына орай Византия императоры Михаил VІІІ Ивайлоға қарсы әскер шығарды. Константин Асеньнің жесірі Марияның тимек болған ұсынысын қабыл алған Ивайло 1278 жылы көктемде Тырновоға кірді. 1279 жылы ақпанда византиялықтар Тырновоны басып алды. Кейін Ивайло бірқатар жеңіске жетсе де, астананы қайтып ала алмады. Ивайло Ноғай ордасының ханы Ноғайдың қолынан қаза тапты.

Сілтемелер

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub