Ескер

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:42, 2026 ж. маусымның 23 кезіндегі 1nter pares (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Ескер, кейде Көшім қалашығы, Қашлық, Сібір (сіб.-тат. Сибир, Ескер, тат. Искәр, Үлгі:Lang-ru) — ортағасырлық қала, Ескер жұртының, кейіннен Түмен (Сібір) хандығының астанасы. Қазіргі Ресей Федерациясындағы Тобольск қаласынан 17 шақырым қашықтықта, Ертістің оң жақ жағалауында Сибирка өзеніне құятын жерінде орналасқан. Бүгінде «Көшім қалашығы» деп аталатын археологиялық ескерткіш орны.

Тарихы

Ескер қаласы моңғол шапқыншылығына дейін пайда болды. XIII ғасырдың басына қарай қала ірі қоныс орнына айналды. Кей деректердің мәлімдеуінше, Шыңғыс хан Қашлықты 1224 жылы өзге иеліктермен қоса Жошы ұлысының құрамына қосты. Ш. Марджанидің тұжырымына сәйкес XIII ғасырда Қашлықта Жошының бесінші ұлы Шибанның ордасы орналасқан. Қала алғаш рет Sebur атауымен ағайынды Франциско және Доменико Пиццаганилердің 1367 жылғы картасында аталып өтті. 1375 жылы тура сол атаумен Каталон атласында кездеседі. Сібір хандығында қоныстанған халықтардың алуан түрлілігі қала атауына әсер етті:

  • Кашлык (түркі) - бекініс, нығайтылған елді-мекен. Сібір татарларының тілінде «Кышлык» сөзі «қысқы» немесе «қыстау» мағынасында қолданылады.
  • Искер (об-угор) - ийс - «ескі» және кер (кар) - «қала» мағынасында. Мысалы, Сыктывкар, Кудымкар және т.б.
  • Сибир - моңғолдың сибэр - «таза», «әдемі» немесе шибир - «батпақ» сөздерінен.

1582 жылдың 26 қазанында қаланы Көшім ханның әскерін талқандаған атаман Ермак басып алды. Ермактың өлімінен кейін Қазақ хандығынан қолдау тапқан тайбұғалық Сейіт-Ахмет (Сейтек, Сейдақ) Қашлықта өз билігін орнатуды көздеді. Алайда, Сейіт-Ахмет пен «Қазақ Ордасының ханзадасы» Ораз Мұхаммед 1588 жылы тұтқынға түсуі қаланың дағдарысы мен құлдырауына алып келді.

Зерттеу жұмыстары

Қалашықтың тұңғыш сипаттасы 1675 жылға сәйкес келеді. Ал 1703 жылы археологиялық ескерткіштің сұлбасы дайындалды. Қалашықтың аумағындағы бұйымдар мен заттарды тобылдық суретші әрі өлкетанушы М.С. Знаменкий жинақтай бастады. 1880-жылдардың ортасында жүргізілген қазба жұмыстарынң қорытындысы бойынша табылған заттар Знаменскийдің өлімінен кейін сатылып, Фин ұлттық мұражайына түскен. Ескерде табылған заттардың бір бөлігі Тобыл губернилық мұражайында жинақтала бастады. 1915 жылдың мамырында В.Н. Пигнатти бастаған қазба жұмыстарының нәтижесі бойынша мұражай 334 данамен толықты. Ескер туралы ғылыми түсінікті қалыптастырудың келесі кезеңі Б.Б. Овчинникованың 1968 жылғы және А.П. Зыковтың 1988, 1993 дылдары жүргізген қазба жұмыстарымен байланысты. Алайда, табылған заттардың саны ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы табылған заттармен салыстырғанда әлдеқайда аз болды.

Галерея

Сурет:CEM-15-Asia-Mercator-1595-Russia-2533.jpg
Меркатордың картасындағы Сібір иелігі мен Сібір қаласы (Sibier)
Сурет:Caravane Marco Polo.jpg
Каталон атласындағы Sebur қаласы (1375)
Сурет:Көшім қалашығы.jpg
С.У. Ремезовтың атласындағы Көшім қалашығы (Ескер)

Әдебиет

  • Адамов А. А. Кучумово городище – столичный город в Сибири или исторический миф (археологические факты и исторические предположения) // Золотоордынское обозрение. – 2021. – Т. 9, № 2. – C. 359–373. – DOI: 10.22378/2313-6197.2021-9-2.359-373.
  • Атласи Х. История Сибири. — С. 43.
  • Зыков А. П., Косинцев П. А., Трепавлов В. В. Город Сибир – городище Искер (историко-археологическое исследование). – М. : Наука : Восточная литература, 2017. – 456 с.
  • Искер — столица Сибирского ханства / Исхаков Д.М. Казань: Ин-т истории им. Ш. Марджани АН РТ, 2010. 228 с.
  • Левашова В. П. О городищах Сибирского юрта // Советская археология, 1950. № 13. — Стр. 341—351.
  • Маслюженко Д. Н., Татауров С. Ф. Искер как мифологема в изучении истории Сибирского ханства // Золотоордынское обозрение. – 2015. – № 4. – С. 135–150.
  • Миллер Г. Ф. История Сибири. – Изд. 2-е, доп. – М. : Восточная литература РАН, 1999. – Т. 1. – 630 с.
  • Татауров С. Ф., Татауров Ф. С. Археологические коллекции с Искера: новый взгляд на памятник // Вестник археологии, антропологии и этнографии. – 2016. – № 2 (33). – С. 75–85. – DOI: 10.20874/2071-0437-2016-33-2-077-085.