Майбалықтөбе
Үлгі:Көне қалашық Майбалықтөбе – ортағасырлық қалашық орны, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.
Орналасқан жері
Сауран ауданы, Мәшһүр Жүсіп ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 2,3 км жерде орналасқан.
Сипаты
1949 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам) зерттеген.
Қазіргі орны дөңес төбе. Диаметрі 180 м, биіктігі 5 м, Майбалықтөбенің жоғарғы қабатынан көзелердің, астық сақтайтын мұхдар (құмыралар) мен астық ұнтақтайтын тастардың, тегенелердің сынықтары табылды. Зерттеу барысында алынған материалдарға қарағанда қаланы тұрғындар VII-XIX ғасырларда мекен еткен.<ref> Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2 </ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>