Аққұяш

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық АққұяшЖетісу өңіріндегі көне қала атауы.

Тарихи деректер

М. Қашқаридың жазуына қарағанда, Іле алқабында XI ғасырда болған. Академик В. Бартольд Аққұяшты "Іле" деп жорамалдайды. Ал екінші бір зерттеуінде Саид хан VI ғасырдың 30-40 жылдарында қырғыздар мен қазақтар арасындағы қайшылықты пайдаланып, оларға соққы беру үшін Ақсу қаласынан Аққұяшқа келді десе, енді бірде ҚұяшШағатай ханның Іле алқабындағы жайлауы, ол Алмалы қаласына жақын, оның жанына хан Құтлық (Бақыт) қыстағын салғызды деп жазады. Құяш деген сөз түрікше "күн" деп түсіндіріледі. Қашғаридың жазбаларында да XI ғасырда Іле алқабындағы Құяш деген қала туралы мөліметтер кездеседі. Саблығқұяш, Қарақұяш, Өрүңқұяш деген үш қамал болған. Олардың төңірегін тұха, шігіл тайпалары мекендеген. Ал Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарих-и Рашиди" деген еңбегіндегі дерек бойынша Аққұяшта моғол ханы Есенбұға тұрған. Оны бұл жерден Султан Сайид Эли іздеп тапқандығы хабарланады.
Бұл қалада 1425 жылы моғол әскерлерінің соңына түскен Ұлықбек те болғандығы айтылады. Осы деректерге қарағанда Аққұяш Қарахан мемлекеті кезінен белгілі болған қала.<ref>Б а р т о л ь д В.В., Полн. собр. соч. т. 2, ч. 1, М., 1963г., 60,94 стр.</ref><ref>Материалы по истории казахских ханств 15-18 в. А.-А., 1969, 194 стр.</ref><ref>Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Навигациялық кесте