Қазатлық

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Қазатлық, Азатлықтөбе (VIII-XI ғғ.) – ортағасырлық қалашық, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Түлкібас ауданы Азаттық ауылының шығыс шетінде, Арыс өзеніне Құлан өзенінің құяр тұсында орналасқан.

Сипаты

Қазатлықты 1940 жылы Жамбыл археологы бекетінің экспедициясы (жетекшісі Г.И. Пацевич) зерттеген.
Қала Құдама ибн ЖафардыңКитаб Әл-Харадж Уә Санат Әл-Китаба” шығармасындағы Бадухкет қаласы деген пікір бар. Трапеция тәрізді биіктігі 56 м, диаметрі 30-40 м төбе қаланың орталық бөлігін алып жатыр. Ол биіктігі 0,75 м және диаметрі 70-80 м төбешік-алаңқаймен қоршалған. Батыс жағынан биіктігі 2,5-3 м, диаметрі 50-70 м төбешік жалғасады.
Теріліп алынған қыш ыдыстар қолдан немесе шарықта жасалған. Ангобты өрнекті ыдыстар аз табылған. Сырланбаған ыдыстар басым. Сырлы ыдыстар мерзімі жағынан Қарахан әулеті заманына жатады. Табылған құмыра, көзе, тостаған, саптаяқ, т.б. бұйымдарға қарағанда Қазатлық қалашығын мекендеген тайпалар VIII-XI ғасырларда өмір сүріп, мал шарушылығымен және егіншілікпен айналысқан.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref><ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Навигациялық кесте