Көктонды

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Көктонды асар қалашығы (б.д. V-ІХ ғғ.) – Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.

Орналасқан жері

Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылынан оңтүстікке қарай 10,5 км жерде орналасқан.

Сипаты, деректер

Ескерткішті 2006 жылы Шірік Рабат археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ж.Қ. Құрманқұлов) барлау жүргізіп, географиялық координаттарын анықтаған.
Жоспарында сопақтау болып келген обаның аумағы – 35х42 м, биіктігі – 8-10 м. Оба орман қоршалған.
Көктонды туралы алғашқы мәліметті Ресей әскерінің офицері, зерттеуші А.И. Макшеев қалдырған. "Описание низовья Сырдарьи" (1910) кітабында, ол осы қорымды былайша спаттайды: "Көктонды Жамандарияның оң жағалауына жақын, №3 форттан №2 фортқа барар жолдың бойында орналасқан. Қазақтардың айтуынша, бұл жерде кезінде қамал болған".
Көктонды жөнінде нақты деректер жоқ. Қазіргі кезде оның үстіне ағаштан белгі қойылған. Академик Ә.Х. Марғұлан "Ежелгі жыр-аңыздар" атты кітабында былай деп жазған: "Қаңлы тайпасы бір кездері Жетісуда, Іле өзені мен Арал теңізінің аралығын, солтүстігінде Қарақұмға дейінгі аралықты мекендеген. Сол кезде Қаңлы ханын Көктонды деп атаған”.<ref>Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер