Үңгірліасар

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Үңгірлі асар қалашығы ( б.д.д. І мыңжылдықтың соңы - б.д. ІХ ғ.) – Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.

Орналасқан жері

Жалағаш ауданы, Таң ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 11,6 км жерде орналасқан.

Сипаты

Ескеткішті 1980 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (Л.М. Левина) зерттеген, 2006 жылы “Қызылорда облысының ескерткіштерін есепке алу” археология экспедицисы (жетекшісі Ж.Қ. Құрманқұлов) барлау жүргізіп, географиялық координаттарын анықтаған.
Қамал екі қабатты төбе секілді. Төменгі қабатты қоршап жатқан бекініс қабырғаларының өдшемі 100х120 м, ені – 3-5 м, биіктігі 4-6 м. Жоғарғы қабаты қамалдың ортасында орналасқан, көлемі 40х40 м, жер бетінен биіктігі 7-9 м. Тұрғын үй кешендерінен тұратын бұл қабат мұнаралары шығыңқы бекініс қабырғасымен дөңгелене қоршалған.
Қамалға кіретін қақпа ескерткіштің батыс бөлігінде орналасқан. Беткі қабатынан археолгиялық материалдар кездеседі.<ref>Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер